Германияда автопарктегі онға жуық автобус өртеніп кетті

Германияның Штутгарт қаласында тасымалдаушы компаниялардың бірінің автобус паркінде өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Тілсіз жау кемінде он көлік құралын отқа орады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабық шатыр астында тұрған автобустар өртенген. Жалынмен күресуге 150-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ деп хабарланды. Дегенмен қала билігі бұл оқиға жұма күні автобус қозғалысына әсер ететінін ескертті.