Үндістанның Шимла қаласында жеті қабатты үй жардан құлады. Нөсер жауыннан соң үйдің іргетасын лай көшкіні шайып кеткен, деп хабарлайды «МИР 24». Үй қабырғасы жарыла бастағанын көрген тұрғындар нысанды тәрк еткен. Зардап шеккендер жоқ.