АҚШ-та шатдаун мерзімі 2 айға кейінге шегерілді

АҚШ-та шатдаун мерзімі екі айға кейінге шегерілді. Заң бойынша ол қазанның бірі күні күшіне енуі тиіс еді.

Жуырда Президен Джо Байден Үкімет жұмысын 3-желтоқсанға дейін ұзартуға арналған заң жобасына қол қойды. Құжатқа сәйкес, табиғи апаттардан зардап шеккендер мен  Ауғанстаннан эвакуацияланғандарға көмек беру үшін қосымша қаржы бөлінеді. Заң жобасы конгрестың сенаты пен палатасында да мақұлданды.

Айта кетейік, республикашылдар мен демократиялық партия арасындағы түсініспеушілік алдағы жылға жоспарланған бюджет жобасына қатысты болды. Жоба өкілдер палатасында қаралса да, сенатта республикашылдар оны бекітпей қойды.