425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-тағы мектептердің бірінде тағы атыс болды

  • 72
  • UPD: 13:40, 01.10.2021
АҚШ-тағы мектептердің бірінде тағы атыс болды

Теннесси штатының Мемфис қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 13 жастағы бала ауыр жарақат алған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-дың кезінде болған. Ғимарат ішіндегілердің барлығы дер кезінде эвакуацияланды. Әзірге тергеу ісі оқиғаның мән-жайын жарияламай отыр. Күдікті жайында да еш ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы