426,32 492.05 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді

  • 90
  • UPD: 17:33, 01.10.2021

Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы осы елдің мемлекттік телеарнасы хабарлады.

Ақпарға қарағанда Пхеньян бұл жолы зениттік зымыранды ұшырып, оның іске қосатын қондырғысы мен радиолакаторды тексерген.

Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Солтүстік Корея тағы да жылдамдығы дыбыстан жылдам «Хвасон-8» деген зымыранды сынақтан өткізіп, Жапония оған наразылық білдірген болатын. Бірақ Пхеньян бұл қарудан көрші елдерге еш қауіп жоқ дегенді айтады.

Хабар 24 телеарнасы