Концлагерде хатшы болған әйел соттан қашпақ болды

Германияда фашистер кезінде концлагерьде хатшы болып қызмет еткен Ирмгард Фурхнер есімді 96 жастағы әйел соттан қашпақ болып қамауға алынды.

Оқиға Итцехо қаласында болды. Сот одан Штуттхоф лагеріндегі қырғындар туралы сұрамақ болып шақыру жіберген. Алайда қарттар үйінде тұрып жатқан әйел такси шақырып, метроға барып, көзден таса болған. Қарт әйел кешірек қолға түскенмен, іске қатысты тыңдау оның қатысуынсыз өтті. Ал сот Фурхнерге 1943-45-ші жылдары Штутхоф концлагеріндегі тұтқындарды қыруға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Бұған дейін ол осы іске қатысты 1954 және 1962-ші жылдары да сотқа шақырылып, тексерілген. Бірақ Фурхнер ол кезде лагерьдегі барлық хат-хабар соның қолынан өткенмен, фашистердің адамдарды қырып жатқанын білмегенін айтып ақталып шыққан.