426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жапонияда төтенше жағдай режимі толық алынды

  • 99
  • UPD: 18:37, 01.10.2021
Жапонияда төтенше жағдай режимі толық алынды

Жапонияда төтенше жағдай режимі толық алынып тасталды.

Бұл туралы премьер-министр Ёсихидэ Суга ресми мәлімдеді. Коронавирусқа қарсы қатаң шектеулер жаздың басында 19 префектура аумағында енгізілген болатын. Арасында Токио да болды. Төтенше жағдай кезінде тамақтану орындары кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана жұмыс істеп, ірі компаниялар қызметкерлерінің 70%-іне дейін қашықтан жұмыс істетті. Сондай-ақ адамдардың жиналуына да шектеу қойылған еді. Шілденің соңында Жазғы Олимпиада өткен тұста ковид айрықша өршіді. Жапон үкіметінің мәліметі бойынша қазіргі сәтке дейін 75 млн адам, яғни, халықтың 59,8%-і вакцинаны толық салдырған. Ал 70%-і бір дозаны алған. «Вакциналау жыл аяғына дейін толық аяқталуы тиіс дейді», - жапон билігі.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

- Төтенше жағдай режимін толық алып тастауға ақыры қол жеткіздік. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және тамақтану орындарына еш кедергісіз бару сияқты ережелерді біртіндеп енгізе бермекпіз. Бірақ бетперде кию, арақашықтық сақтау талаптары әлі де сақталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы