АҚШ-та «Айкос» темекі құрылғысын импорттауға тыйым салынды

Бұл шешімді Құрама Штаттардың Халықаралық сауда комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың зерттеуі бойынша «Айкос» темекі қыздыру жүйесі 2 америкалық компанияға тиесілі патент құқығын бұзады. Комиссия ұсынған тыйым 2 айдан кейін күшіне енеді. Бұған дейін әкімшілік тексеріс жүргізіліп, қорытынды құжатқа АҚШ президенті Джо Байден қол қоюы тиіс. Алайда «Филип Моррис» өкілдері «бұл шешіммен келіспейміз, сотқа шағымданамыз» деп мәлімдеді.