Грекия Ауғанстаннан ағылған мигранттарды шекарасынан өткізбейді

Бұл туралы премьер-министр Кириакос Мицотакис мәлімдеді.

Министр 2015 жылғы мигранттар дағдарысын қайталаудан сақтанатындарын айтты. Осыдан 6 жыл бұрын Сириядағы қақтығыс салдарынан 1 миллион босқын бас сауғалап қашқан болатын. Үкімет басшысы Түркиямен шекара бойындағы жаңа мигранттар лагеріне барды. Бұл орын 3 мыңдай ғана мигрантқа арналған. Грекия билігі олар қатаң бақылауда болып, жұмысқа тартылатынын айтады. Босқындарды қабылдау ісі таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады. Мұндай орталықтар Эгей теңізінде тағы бірнеше аралда ашылмақ.

Кириакос Мицотакис, Грекия премьер-министрі:

- Еуропалық ниеттестік қазіргі заманғы лагерьгерлерді қаржыландыруға босқа шашылмауы керек. Мұның орнына барлық Еуропаға қатысы бар мәселелер кешенін реттеу үшін әділ жауапкершілік алатындай деңгейде көші-қон бойынша заманауи ортақ келісім жасалуы керек. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Сондай-ақ...