426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Венесуэла ұлттық валютасынан нольдерді алып тастады

  • 96
  • UPD: 15:14, 02.10.2021
Венесуэла ұлттық валютасынан нольдерді алып тастады

Венесуэла елдегі гиперинфляция мен экономикалық дағдарысқа байланысты ұлттық валютаның деноминациясын жүргізді. Яғни валюта құнынан соңғы алты нольді алып тастады.

Енді бір миллиондық ескі купюралар номиналы бір боливарлық банкноталарға ауыстырылады. Сөйтіп, ең үлкен банкнота құны 100 боливар болмақ.

Венесуэла мұндай реформаны соңғы 13 жылда осымен үшінші рет енгізіп отыр. 2008 жылы президент Уго Чавес валюта құнын 3 нольге азайтса, 2018 жылдың жазында Николас Мадуро 5 нольге қысқартқан еді.

Айта кетейік, Венесуэла соңғы жылдары өте қиын жағдайда. Ресми мәлімет бойынша былтыр бұл елдегі инфляция көрсеткіші 3 мың процентке жеткен. Ал алдыңғы жылы 9 мың 6 жүз процентті құраған.

Хабар 24 телеарнасы