Эквадор билігі абақтыдағы азаматтар санын қысқартпақ

Эквадор билігі сотталған 2 мың адамға рақымшылық жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған түрмедегі бүлік себеп болды. Осылайша ел үкіметі абақтыдағы азаматтар санын қысқартпақ.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Гуаякиль қаласындағы түзету мекемесінде бүлік шығып, соның салдарынан 116 адам қаза тапқан еді. Тағы 80-ге жуығы жарақат алды.

Анықталғандай, колониядағы қақтығысқа қылмыстық топтардың текетіресі түрткі болған.