Португалияда түнгі клубтар қайта ашылды

Португалияда түнгі клубтар мен барлар қайта ашылды.

Бұл елдегі шектеу шараларының жеңілдетілуімен байланысты. Яғни карантиннен шығудың соңғы кезеңі аясында қабылданған шара. Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайға жетуге елдегі вакциналау науқанының сәтті өтуі көмектескен.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Португалия халқының 85 проценті екпе салдырып үлгерген.