426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын мойындайтын болды

  • 131
  • UPD: 23:25, 02.10.2021
ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын мойындайтын болды

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеуде болған барлық кедергілердің жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясының ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеу және одан әрі дамыту туралы ұстанымы тыңдалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бойынша «Спутник V» вакцинасын тіркеумен айналысатын компания бірқатар құжаттарға қол қойып, бірқатар қосымша құжаттарды ұсынғанын ғана күтіп отырмыз», – деді Михаил Мурашко.

Ресейлік министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейюс кешегі кездесуде «әрі қарай жұмыс істеуге» ешқандай кедергі жоқ екенін растаған.

«Бүгінгі таңда барлық кедергілер жойылды. Сондықтан біз бүгін одан әрі жұмыс істеуге ешқандай кедергі көріп отырған жоқпыз. Мұны бізге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры растады», – деді ол.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы