Катар тарихында тұңғыш рет Парламент сайлауы өтіп жатыр

Катар тарихында алғаш рет парламенттік сайлау өтуде, деп хабарлайды Хабар 24 Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Парламенттің отыз мүшесі сайланады, ал билеуші әмір Кеңестің тағы 15 мүшесін тағайындайды. Олар өз кезегінде заңнамалық өкілеттіктерге ие болады және жалпы мемлекеттік саясат пен бюджетті бекітеді.

Кеңес мүшелері қорғаныс, қауіпсіздік, экономика және инвестициялар саясатын айқындайтын атқарушы органдарға әсер етпейді.

Парламентке 183 үміткердің ішінде 18 әйел бар, сайлау елдің 30 округінде өтіп жатыр.