425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстанда шабуыл кезінде төрт адам қаза тапты, олардың ішінде бала болған

  • 326
  • UPD: 23:43, 02.10.2021
Ауғанстанда шабуыл кезінде төрт адам қаза тапты, олардың ішінде бала болған

Ауғанстанның Пәкістанмен шекарадағы Нангархар провинциясының астанасы Желалабад қаласында болған шабуылда төрт адам қайтыс болды, олардың арасында бала болған, деп хабарлайды Хабар 24 РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың арасында «Талибан» қозғалысының екі мүшесі және екі бейбіт тұрғын болған.

БАҚ ақпаратына сәйкес, болған оқиғағка қатысты әзірге бірде-бір жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Тәліптер мұның алдында көрші елдерге қауіп төндірмейтінін мәлімдеген болатын.

15 тамызда «Талибан» содырлары Кабулға ұрыссыз кірді.

Әзірге халықаралық қауымдастық Ауғанстандағы тәліптер билігін мойындаған жоқ.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

 

Хабар 24 телеарнасы