Грузиядағы жергілікті сайлауда билік партиясы алда келеді

Грузияның жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауда әзірге «Грузия арманы» партиясы алда келеді.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметке сәйкес, ол 48 проценттен астам дауыс жинаған. Екінші орында бұрынғы президент Михаил Саакашвили құрған «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы тұр. Оны сайлаушылардың 30 проценті қолдаған. Ал үшінші орында 6 процент жинаған «Грузия үшін» партиясы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда гүржі елінде жергілікті билік органдарына сайлау болды. Оған 40-тан астам саяси партия қатысты.