Жаңа Зеландияда дельта-штамм қайтадан өрши бастады

Жаңа Зеландияда коронавирустың дельта штамы қайтадан өрши бастады. Жуырда елдің бірнеше өңірінде вирустың дәл осы мутацияланған түрін жұқтыру деректері тіркелді.

Айта кетейік, науқастардың көбеюіне байланысты тамыздың ортасында Жаңа Зеландияның ең ірі қаласы оқшауланған еді. Бүгінге дейін бұл шаһарда 1300-ден астам вирус жұқтыру дерегі анықталды. 

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

- Кеше Оклендтен тыс жерде тағы екі дерек тіркелді. Осыған байланысты бүгіннен бастап бұл өңірде шектеудің үшінші деңгейі енгізіледі.