Грузияда жергілікті сайлау аяқталды

Грузияда жергілікті сайлау аяқталды

Қазір дауыс санау жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге сайлау учаскелерінің 80 процентінде нәтиже белгілі.

Жалпы саяси науқанға 43 саяси партия қатысып, сайлаушылардың 52 проценті дауыс беру құқығын пайдаланған.

Ескеретін жайт, заң бұзу деректері тіркелген жоқ. Соңғы мәлімет бойынша Тбилисидің мемлекеттік кеңес құрамына 6 партия кіргені белгілі болды. Олардың арасында басқарушы «Грузия арманы» мен оппозициялық «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиялары бар. Ал қала әкімдерін сайлаудың екінші кезеңі қазанның 30-ына белгіленді.

Георгий Каладаришвили, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Тбилисидегі 769 сайлау учаскесінің 740-ында яғни 96 процентіде санақ жұмыстары аяқталды. Соның қорытындысы бойынша Тбилисиде екінші тур болады. Тартыс екі үздік үміткер арасында өтеді. Олар 156 мың дауыс алған Никанор Мелия мен сайлаушылардың 206 мыңнан астам дауысын жинаған Каха Каладзе.

Бұдан бөлек Грузияның тағы 20 шақты қаласында мэр сайлауының екінші кезеңі өтетін болды. Бәрінде «Грузия арманы» мен «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партияларының өкілдері өзара бәсекеге түседі. Жергілікті сарапшылардың сөзінше, билік партиясы Тбилисиді өз бақылауынан шығарып алды. Сондықтан оппозиция өкілдерінің шаһарда шеру өткізу жоспары жоқ.