426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Италияда шағын ұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

  • 122
  • UPD: 23:38, 03.10.2021
Италияда шағын ұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

Италияда жекеменшік ұшақ апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты. Опат болғандардың екеуі экипаж мүшесі, қалғаны жолаушылар.

Әуе кемесі Милан қаласындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған. Көп ұзамай оқиға орнында өрт шығып, жақын маңайдағы бірнеше көлік жанып кеткен. Дегенмен, өрт сөндірушілер қызыл жалынның айналаға тарауына жол бермеді. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы