Тәліптер бір топ лаңкестің көзін жойғанын мәлімдеді

Ауғанстанда тәліптер «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» қарулы тобымен қақтығысқа түсіп, көзін жойғанын хабарлады.

Оқиға Кабулдың шеткі ауданының бірінде болған. Ұрыс кезінде ауыр қарулар қолданылған. Бірақ қақтығыс барысында қанша адамның мерт болғаны белгісіз.

Айта кетейік, Ауғанстанда тәліптер билік басына келгелі «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары бірнеше террорлық әрекет жасап, ондаған адам көз жұмды. 

Сондай-ақ...