426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресейде бір күнде вирустан 890 адам көз жұмды

  • 99
  • UPD: 10:06, 04.10.2021
Ресейде бір күнде вирустан 890 адам көз жұмды

Ресейде коронавирустан соңғы бір күнде 890 адам қайтыс болып, тәуліктік рекорд тіркелді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл осымен бесінші күн қатарынан тіркеліп отырған жоғарғы көрсеткіш. Дәрігерлер әсіресе көз жұмғандардың арасында екпе салдырмағандар мен жастардың көп екенін  айтады. Жалпы індет басталғалы Ресейде жұқпалы дерттен 210 мың адам қайтыс болған.

Олег Колпаков, жерлеу қызметінің өкілі:

– Егер бұған дейін коронавирустан айына 120-130 адамды жерлесек, қазір 200-ден аса науқасты жер қойнына тапсыратын болдық. Олардың арасында денсаулығы мықты жастар бар. Тепсе темір үзетін заматтар 1-2 аптаның ішінде көз жұмып жатыр.

Ал Австралияда індет қайта өршіді. Елде соңғы бір тәулікте вирус 2 мыңға жуық адамнан анықталды. Әсіресе коронавирусты жұқтыру Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында көптеп тіркелуде. Мамандардың айтуынша, дерттің қайта күш алуына дельта штаммы себеп. Жаңа Зеландияда да науқастар саны артып, билік шекарада бақылауды күшейтті.

Хабар 24 телеарнасы