Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі таратылды. Бұған премьер-министр Ёсихидэ Суганың жаңа мерзімге сайланудан бас тартуы себеп.

Бүгін парламенттің қос палатасы министрлер кабинетінің жаңа басшысын таңдау үшін дауыс бермек. Жапонияның 100-ші премьер-министрі Фумио Кисида атануы тиіс. Себебі ол осының алдында парламенттегі көпшілік орынға ие Либерал-демократиялық партияның жетекшісі болып басым дауыспен тағайындалған еді. Бұрынғы Сыртқы істер министрі Фумио Кисида бүгін Үкімет басшысы қызметіне кірісіп, министрлер кабинетін жасақтауы тиіс.