426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда толассыз жауыннан бірнеше қаланы су басты

  • 185
  • UPD: 12:17, 04.10.2021
Қытайда толассыз жауыннан бірнеше қаланы су басты

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында нөсер жауыннан аймақтағы бірнеше қаланы су басты.

Көшелерде аққан су көліктерді ағызып, ойпаң жерде орналасқан аудандар қатты зардап шеккен. Табиғат аптынан жапа шеккендер мен қаза тапқандар туралы апарат жоқ. Билік аймақтағы бірқатар қоймада су деңгейі шамадан тыс көтеріліп, қауіп күшейгенін мәлімдеді. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы