Канадада «Маған тұрмысқа шығасың ба?» жазуымен ұшқан ұшақ құлады

Канаданың Монреаль қаласында Cessna 172 жеңіл ұшағы Osheaga музыкалық фестивалі өтетін жерге жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

– Өкінішке орай, бір адам қайтыс болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, - деді жергілікті полицияның өкілі Вероника Комтуа.

Белгілі болғандай, ұшақ «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген жазуы бар баннермен ұшып бара жатқан. Апатқа қандай жағдайлар себеп болғаны анықталуда.