Ауғанстанда журналиске шабуыл кезінде үш адам қаза тапты

Ауғанстанда журналист-жазушы Саид Мароф Саадаттың көлігіне оқ атылды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Салдарынан үш адам, соның ішінде журналистің өзі қаза тауып, тағы екі адам жараланды. Оқиға Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында болды.

Әзірге бірде-бір ұйым атыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.