Жапонияда жаңа үкімет жасақталды

Жапонияда жаңа Премьер-министр сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ел Үкіметін Фумио Кишида басқарады. Ол жаңа лауазымды иелене сала, Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады. Өз орнын тек екі министр сақтап қалды. Олар сыртқы істер және қорғаныс министрліктеріне жетекшілік етеді. Жаңа үкімет құрамына 3 әйел енді.

Еске салайық, былтыр Синдзо Абэ отставкаға кеткеннен кейін оның орнын Ёсихидэ Суга басқан. Алайда ол өкілеттігі аяқталған соң жаңа мерзімге сайланудан бас тартты.

Айта кетейік, Фумио Кишида – Жапонияның жүзінші премьер-министрі.