Мельбурн пандемия кезінде ең ұзақ уақыт бойы карантинде болған шаһар атанды

Австралияның Мельбурн қаласы коронавирус пандемиясы кезінде ең ұзақ уақыт бойы карантинде болған шаһар атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы шектеулер 246 күн бойы өз күшін жоймаған. Мельбурн орналасқан Виктория штатында қазір эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Қала басшылығы бұған жақында өткен футбол матчтары себеп болуы мүмкін дейді. Ойын кезінде карантин талаптары бұзылған көрінеді. Жалпы Австралия билігі қарашаның ортасына қарай халықтың 80%-іне коронавирусқа қарсы екпе салуды жоспарлаған. Шектеу шараларының көбі осы межеге жеткен соң алынып тасталуы тиіс. Ал антирейтингте екінші орынға Аргентина астанасы Буэнос-Айрес жайғасты.