425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бали аралы туристерді қашан қабылдайды?

  • 68
  • UPD: 22:26, 04.10.2021
Бали аралы туристерді қашан қабылдайды?

Туристер жиі баратын Бали аралы 14 қазаннан бастап шетелдік демалушыларды қайта қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ сырттан келгендер 8 күн карантинге жатқызылады. Әзірге мұнда Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері мен Жаңа Зеландия азаматтарының келуіне рұқсат етілді.

Еске салайық, Бали аралы бір жыл бұрын шетелдік туристерді қабылдауды тоқтатқан. Былтыр шекараны ашуға қанша тырысса да, эпидемиологиялық ахуал оған мұрша бермеген еді. Бұл күні арал тұрғындарының 70%-тен астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырған.

Хабар 24 телеарнасы