АҚШ-та пойыздағы атыстан полицей оққа ұшты

Аризона штатының Тусон станциясында жолаушылар пойызында әлдекімдер оқ атып, жұрттың үрейін алды.

Полиция бір қаскөйдің көзін жойған. Екіншісі қамауға алынды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қаскүнем қолынан 1 офицер мерт  болып, тағы екеуі жараланған. Тәртіп сақшылары пойызда, заңсыз тауар тасымалына байланысты тексеріс жүргізген екен. Атыс соған байланысты туындаған болуы мүмкін. Ал пойызда 137 жолаушы отырған. Оған қоса 11 экипаж мүшесі бар.

Сондай-ақ...