Әлемдегі технологиялық алыптардың акциялары құлдырады

Әлеуметтік желілердің жұмысындағы ақауға байланысты NASDAQ технологиялық қор индексі 2,3%-тен астам төмендеді.

Ал Facebook акциялары 5%-тен астам жоғалтты. Соның салдарынан әлемдегі ең бай адамдардың бірі Facebook-тің иесі Марк Цукерберг 6 миллиард доллардан астам қаржысынан айрылды. Сәйкесінше ең бай адамдар тізімінде ол енді алтыншы орында. Бұл туралы Forbes хабарлады. Желідегі ақау салдарынан басқа технологиялық алыптардың да құнды қағаздары құлдырады. ЭПЛ акциялары 2,5%, АЛЬФАБЭТ  2,33%-ке төмендеді. Сонымен қатар кідірмей жұмыс істеп тұрған Twitter-дің өзі біраз позиция жоғалтты. Сауда-саттық нәтижесінде оның акциялары 6,37%-ке төмендеген. Қазір жаһандық желілердің жұмысы біртіндеп қалпына келе бастады.