Түркияда оқушылар ПТР тест тапсырады

Анадолы жерінде мектеп оқушыларынан ПТР сынама алына бастады. Бұл туралы Түркия ұлттық білім беру министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, коронавирусты анықтайтын тест ата-ананың рұқсатымен алынады. Әзірге бұл үдеріс қауіпті індет көп тараған 10 провинцияда жүргізіледі. Мақсат орта білім ошақтарындағы клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушыларды анықтау. Сол арқылы індеттің алдын алу.

Айта кеткен жөн, ПТР сынамасының мүмкіндігін растайтын құжат ата-анаға жіберіледі. Ол мақұлданған жағдайда медициналық топтар тестілеу үшін мектепке келеді. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, балалардан ПТР сынамасының үлгісі мұрыннан емес, ауыз қуысынан ғана алынады.

Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:

- Мектеп оқушылары арасында скринингтік мақсатта жүргізілетін сынамалар ата-аналардың рұқсатынсыз жүргізілмейді. Ата-аналарға рұқсат қағазға қол қойған жағдайда тек тамақ үлгісінен сынама алынады.

Сондай-ақ...