Facebook арқылы жұрттың жеке мәліметтері ұрланды ма?

Фейсбук ақаудан кейін өз қолданушыларының мәліметі ұрланды деген ақпаратты жоққа шығарды. Компанияның бұл мәлімдемесін Рейтер агенттігі жеткізді. Фейсбук, инстаграм, уотсап және мессенджер қалпына келе бастады. Бұл әлеуметтік желілер әлем бойынша кемінде 6 сағаттан астам уақыт істемей тұрды. Әлемдік сервистер қызметінде болған ақау туралы мамандар не дейді?

Бірақ олардың жұмысы әлі де баяу. Бұдан басқа Нетфликс, Зум, Вайбер, Ютюб, Apple мен Твиттер де баяулап қалған. Сала мамандары әзірге тек болжамдар ғана айтып отыр.

Кандид Уест, Киберқорғау зерттеу компаниясының вице-президенті:

- Біз басында фейсбук пен уотсап бойынша хаттардың бармай жатқанын аңғардық. Бірақ кейін олардың мүлде жұмыс істемей қалғанын көрдік, солай ғой? Кейін зерттей келе домен атаулардың рұқсат хаттамаларының істен шыққан сияқты. Әзірге толық түсінген жоқпыз. Десе де, әлеуметтік желілер жұмысының өзегі болып саналатын маршруттауға зақым келген болуы керек.

Компаниялар және Фейсбуктың негізін қалаушы Марк Цукерберг уақытша қолайсыздықтар үшін қолданушылардан кешірім сұрады. Бірақ ақауға не себеп болғанын Цукерберг әзірге анықтап айтпады. Мамандар фейсбуктың істемеуіне байланысты әлем бойынша 10 миллионнан астам қолданушыдан шағым түскенін хабарлады.

Дуг Мадори, «Интернет анализі» компаниясының директоры:

- Бұл ғаламдық ақау. Жер шары бойынша осындай келеңсіздік болды. Менің ойымша, ақау жүйенің ішінен шыққан, сырттан жау келген жоқ деп есептеймін. Сондықтан домендердің мәселесін шеше алмасаңдар, демек, бұл қызметті қолдану жағын реттей алмайсыңдар деген сөз. Күтпеген келеңсіздіктерден ешкім де, ешқандай компания да сақтана алмайды. Бұл жерде инженерлер дұрыстап жұмыс істеуі тиіс. Ақау неден болды, неге болды - соны түсініп алуы керек. Процестерді жақсартуға жағына мән берген абзал.

Әлеуметтік желідегі келеңсіздік интернет әлеміне ғана емес, қызметкерлерге де тікелей кері әсер етті. Ақауға байланысты Фейсбук қызметкерлері Калифорниядағы компания кеңселеріне кіре алмай қалған. Ал уотсап компаниясында істейтіндер штаб-пәтердегі жүйе жұмысы жүрмей қалғанын айтады.

Ернат Қашқынов