Сахарада марафоншының жүрегі тоқтап қалды

Сахара шөлінде марафоншының жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқанымен құтқарып қала алмады.

Оқыстан қайтыс болған спортшының аты-жөні жарияланбаған. Тек оның 50 жастағы француз екені белгілі. Марафоншы барлық медициналық талапқа сай жарыстың алғашқы кезеңін жақсы өткерген. Бірақ екіншісінде осындай жағдай болды. 

Айта кетейік, Құмдағы марафон жыл сайын Мароккодағы Сахара шөлінде өтеді. Бұл әлемдегі тәуекелі көп, ең қиын сайыстың бірі. 250 шақырымдық марафон әдетте 6 күнге созылады.

Сондай-ақ...