Индонезия пластиктен музей тұрғызды

Индонезияда пластиктен музей тұрғызды. Ява аралындағы құрылыс 10 мың қалдық шөлмектен жасалған.

Экологтар осы арқылы елді бір реттік, қапшықтар мен ыдыс-аяқтан бас тартуға шақырып отыр. Бұл бастаманың дәл осы елде көтерілуі бекер емес. Өйткені теңізді пластик қалдықтарымен ластау бойынша әлемде бірінші орында Қытай, екінші орында осы Индонезия тұр. Қазір бұл мұражай танымал орынға айналып та үлгерді. Жастар жағы суретке түсіп, әлеуметтік желіде бұл орын жайлы жиі айтатын болған.    

Приги Арисанди, мұражайдың негізін қалаушы:

- Мынадай мұражайды ашу үшін 3 ай уақытымыз кетті. Пластиктің қайта өңделуі қиын екенін бәріміз де жақсы білеміз. Ол ұзақ жылдар бойы шірімей, мұхиттарды ластайды. Сондықтан тұрғындарды пластиктен бас тартуға шақырамыз.