425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-тағы эпидахуал жыл соңына дейін тұрақталады

  • 85
  • UPD: 14:37, 05.10.2021
АҚШ-тағы эпидахуал жыл соңына дейін тұрақталады

АҚШ-та дельта-штаммен байланысты коронавирустың қазіргі толқыны толығымен тоқтайды. Бірақ әлем бойынша індет біржола жойылады деуге әлі ерте.

Бұл туралы осы елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Скотт Готтлиб мәлімдеді. Дельта-штаммын жұқтырған науқастардың дені Американың солтүстік штаттарында тұрады екен. Маман елдегі эпидемиологиялық жағдай жыл соңына дейін тұрақталады дегенге кәміл сенеді. 

Скотт Готтлиб, азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының бұрынғы басшысы:

- Бүгінде АҚШ-тың бүкіл аумағында коронавирустың дельта-штамы басым болып тұр. Бірақ уақыт өте келе оның таралу деңгейі азаяды. Десе де, бұл індет аяқталды дегенді білдірмейді. Ковид тұмау сияқты белгілі бір кезеңде айналып соғып тұрады. Біржола жоғалады деп ойламаймын.

Хабар 24 телеарнасы