426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тынық мұхитына жарты тонна мұнай төгілді

  • 89
  • UPD: 16:11, 05.10.2021
Тынық мұхитына жарты тонна мұнай төгілді

Тынық мұхитына 500 мың литрдей мұнай төгіліп, Ориндж округіндегі жағажайларға қара дақ түсті.

Шикізат 33 шаршы шақырым аумаққа жайылып, балық пен құс қырылып жатыр. АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатында мұнайдың төгілуі экологиялық апатқа әкелді. Осыған байланысты заңгерлер Калифорнияда мұнай бұрғылауды тоқтатуға шақырды. Және президенттен штатта экологиялық апат жариялап, федералдық тұрғыдан қаржылай қолдау көрсетуді сұрады. Қазір құбыр жабылып, мүмкіндігінше тазарту жұмыстары жүріп жатыр.  

Майкл Зиккарди, мұнаймен ластанған қоршаған ортаны қорғау желісінің директоры:

- Шынымды айтсам, бізде қазір осы мұнайдың төгілуі аймақтағы жан-жануарлардың өміріне қалай әсер ететіні туралы ақпарат жоқ. Сүтқоректілерді зерттеген соң біраз нәрсе белгілі болады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы