Австралия шетелдік туристерді келесі жылдан бастап қабылдайды

Австралия шетелдік туристерді тек келесі жылдан бастап қабылдайды. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді.

Үкімет осы уақытқа дейін ел ішінде халықтың 80 процентін вакциналауды жоспарлап отыр. Ал биыл жыл соңына дейін білікті мигранттар мен студенттерді қабылдауға басымдық бермекші.  Австралияда былтыр наурыз айында індет таралғалы шетелдік туристердің кіруіне тыйым салынған. Австралиялықтардың өзі елді тек белглі себептермен ғана тастап шығуына рұқсат етілген. Қарашадан бастап бұл шектеу жеңілдету қарастырылған. Австралияда 2019 жылы туризмнен түскен кірістің көлемі 33 миллиард долларға жеткен.