Ресейде коронавирустан бір тәулікте 895 адам көз жұмды

Ресейде кезекті «антирекорд».

Елде кейінгі тәулікте коронавирустан 895 адам көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Екі күн бұрын елде тағы бір «антирекорд» тіркелген еді. Билік кісі өліміне қатысты жағдайды вакциналаудың жеткілікті деңгейде жүргізілмеуімен түсіндіріп отыр.

Қыркүйектің соңындағы деректер бойынша, 146 миллион халқы бар елде екпенің екі компонентін 40 миллон адам алған екен.