426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әлемде энергетикалық дағдарыс қауіпке айналды 

  • 154
  • UPD: 08:17, 06.10.2021
Әлемде энергетикалық дағдарыс қауіпке айналды 

Электр энергиясының қымбаттауы әлемдегі ең басты дағдарыстың біріне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанармай бағасының құбылуы да талай елді, тұтас аймақтарды тығырыққа тіремек. Bloomberg сарапшылары, қазірден осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандар әлем таза энергияға көшер алдында энергетикалық дағдарыспен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр және бұл соңғысы емес деп болжайды. Еуроодақтың 5 елі газ бағасының рекордты деңгейде көтерілуінің себебін тергеуге кірісті. Бұл туралы Франция, Испания, Чехия, Румыния және Грекияның экономика және қаржы министрлері бірлескен мәлімдеме жасады. Олар сондай-ақ көгілдір отын қоры бойынша ортақ ереже жасауды ұсынды.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Стратегиялық мақсат болғандықтан, газ қорын Еуропалық кеңесте талқылауымыз қажет деп ойлаймын. Біз көгілдір отынға қатты тәуелдіміз. Оның 90 проценті сырттан тасымалданады. Мұнайдың 97 процентін де импорттаймыз. Сондықтан жеткізушілерге өте жоғары деңгейде кіріптармыз. Алдағы орта және ұзақ мерзімді жоспарда Еуропалық жасыл энергия келісімшартына сенім артқанымыз абзал болады. Бұл бағытта біз тәуелсіз боламыз, баға да тұрақты сақталады.

Хабар 24 телеарнасы