Маржан рифтерінің жойылуына не себеп?

2009-2018 жылдар аралығында маржан рифтері 14 процентке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жаһандық жылыну себеп. Бұл жағдай әсіресе Оңтүстік Азия, Австралия, Тынық мұхиты, Шығыс Азия, Үнді мұхитының батыс бөлігі, Парсы және Оман шығанағы суларында байқалып отыр. Ғалымдар орташа температураның жоғарылауынан бөлек маржан рифтерінің жойылуына әсер етіп отырған тағы бірнеше фактор барын айтады. Оған су сапасының нашарлауы мен балық аулауды жатқызуға болады.

Айта кеткен жөн, маржан рифтері мұхиттардың 0,1 бөлігін ғана алып жатыр. Бірақ соған қарамастан олардың теңіз экожүйесіндегі маңызы зор. Мәселен, жағалауды теңіз толқындарынан қорғап, эрозияның алдын алады. Жыл сайын адамзатқа олардан келетін табыс 2 жарым триллион доллардан асады.