Сицилиядағы Катания қаласын су басты

Сицилия аралында алапат дауыл тұрып, артынша жауын сіркіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Катания шаһарын су алған. Күшті жел талдарды тамырымен қоса қопарып, бағаналарды құлатты. Біраз үйлердің шатыры ұшқан. Бірінші қабаттағы пәтерлер мен дүкендер көлкіп тұр. Шаһарға жақын маңдағы өзенде жаттығып жүрген 4 спортшы жарақат алған. Тауда бірнеше саяхатшы құтқарылды. Өзге жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Аймақта апат салдарымен күрес жүріп жатыр.