Қытайда толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласты

Қытайдың оңтүстігіндегі Ваньнин қаласында толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, кейбір жерде су деңгейі 1 жарым метрден асқан. 60-тан астам үй су астында қалған. Үйлерінен шыға алмай қамалып қалған 31 адам құтқарылды. Метеорологтар Хайнань аралының шығыс бөлігінен бүгіннен бастап жауын-шашын құюы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Болжам бойынша нөсер 9 қазанға дейін жалғаспақ.