АҚШ ядролық оқтұмсықтарын азайтты

АҚШ былтыр 55 ядролық оқтұмсығын жойып, олардың жалпы санын 3750-ге дейін қысқартқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны осы елдің Мемлекеттік департаментінің жариялаған дерегі көрсетіп отыр. 2019 жылы олардың саны 3805 болған. Қысқарту Ресеймен стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту бойынша келісім негізінде жүзеге асырылған. Құжат бойынша тараптар жойқын ядролық оқтұмсықтарын 1550-ге азайтуға келіскен. Трамп әкімшілігі кезінде Қытайға да осы келісімге қосылуды ұсынған. Алайда Бейжің одан бас тартқан.