Өмірдегі ең бақытты кезең анықталды

IFL Science басылымы 50 жастан асқан адамдар арасында сауалнама жүргізген.

Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі өміріндегі ең бақытты кезеңді 30-34 жас аралығы деп айтқан.  

Ғалымдар жүргізген сауалнамаға әлемнің 13 елінен 50-ден асқан 17 мың адам қатысқан.

Қатысушылардың көпшілігі өздерін бақытты сезінген кезеңді 30-34 жас деп көрсеткен. Мұны олар өз сыңарын тауып, отбасы құрумен байланыстырған.