Еуроодақ энергетика дағдарысын еңсеруге талпыныс жасайды

Бүгін Еуропада биржалық сауда басталғаннан кейін бір мың текше метр газдың бағасы бір мың жеті жүз долларға жетіп, жаңа рекорд орнатты.

Еурокомиссия газ бен электр қуаты нарығын реформалау бойынша Одаққа мүше елдердің ұсыныстарын қарастырады. Ұйымның бас атқарушы органы жасыл экономикаға ауысып, энергетикалық дағдарысты шешуге болатынына сенімді. Еурокомиссия өкілдері биыл қыста көгілдір отынның бағасы қымбат болатынын мәлімдеді. 

Кадри Симсон, Еуроодақтың энергетика жөнінде комиссары:

- Болжам бойынша қыс бойы газ бағасы жоғары болып, келесі жылдың көктемінде біртіндеп төмендейді. Еурокомиссия келесі аптада энергетикалық дағдарысты еңсерудің қысқа және орта мерзімді шаралар топтамасын ұсынады. Бұл тұтынушыға тікелей қолдау көрсету әрі электр қуатына салық мөлшерін төмендету.