425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Парижде табиғат жанашырлары сәнбикелермен бірге подиумға шығып кетті

  • 124
  • UPD: 23:54, 06.10.2021
Парижде табиғат жанашырлары сәнбикелермен бірге подиумға шығып кетті

Парижде табиғат қорғаушылары «Луи Виттон» коллекциясының сәндік киімдерін көрсету кезінде наразылық акциясын өткізіп, елді дүрліктірді.

Белсенділердің бірі «ысырапшылдық жоюға әкеледі» деген үнпарақ ұстап, модельдермен бірге сахнаға шығып кеткен. Наразы топ компаниялардың ресурстарды шамадан тыс қолдануына қарсы. Себебі осындай ысырапшылдық климаттың өзгеруіне басты себептің бірі, дейді табиғат қорғаушылары.

Хабар 24 телеарнасы