426,32 492.05 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австрия премьері Курцқа қарсы тағы іс қозғалды

  • 70
  • UPD: 11:39, 07.10.2021

Австрияда премьер-министрі Себастьян Курцқа қарсы тағы іс қозғалды. Бұл жолы тергеу «үкімет басшысы лауазымын пайдаланып, сыбайлас-жемқорлыққа барды» деген айып тағып отыр.

Курц 2016-2018-ші жылдары сайлау кезінде сауалнаманы өз партиясына жағымды сарында жүргізуі үшін жергілікті бір басылымның жарнамасын сатып алған. Ал қаржыны мемлекет қазынасынан төлеген-мыс. Іске қатысты Курцпен бірге тағы 9 адамға айып тағылып, «Австрия халықтық партиясы» мен Қаржы министрілігіне тінту жүргізілді. Алайда Курц өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Австрияның үкімет басшысына, бұған дейін де бірнеше рет іс қозғалған.

2019 жылы «Ибица-гейт» жанжалынан кейін ол қызметінен шеттетіліп, артынша кезектен тыс парламенттік сайлау өткен еді. Бірақ оның партиясы жеңіске жетіп, Курц қайта үкімет басшысы болып тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы