Әлемде газдың құны 1 мың долларға дейін арзандады

Әлемде газдың бағасы құрлықаралық биржа саудасында 1 мегават сағат үшін 90 еуроға дейін төмендеді. Бұл 1 мың текше метр газбен есептегенде 1100 долларға пара пар.

Бірақ көгілдір отынның бағасы бұл межеде де көп тұрақтамай Нидерландтағы ірі сауда алаңында бір мегават сағат үшін 82 еуроға дейін арзандады.

Еске сала кетейік, соңғы апталарда Еуропада газ бағасы шарықтап, бірқатар мемлекет мәселені тексеруді сұраған еді. Кеше газдың қараша айы фьючерстерінің құны 1 мың текше метр үшін 1900 доллардан асқан болатын.