Үндістанда жанармай бағасы қымбаттады

Қазір ел астанасы Нью-Делиде бензин литрі 1 доллар 37 центтен сатылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 580 теңге. Ал дизель отынының бір литрі 515 теңгені құрайды. Жалпы, жыл басынан бері Үндістанда жанармай бағасы 25 процентке өскен. Бұған бірінші кезекте әлемдегі мұнай бағасының көтерілуі әсер етті дейді мамандар. Соның салдарынан елде газ құны да көтерілген көрінеді.