АҚШ-та су тасқынынан 4 адам қаза тапты

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, тасқыннан 4 тұрғын ажал құшқан. Арасында 4 жастағы бала бар. Қалған 3 адамның мәйіті апатқа ұшыраған көліктің ішінен табылған. Билік 20-ға жуық кісіні көліктерден, тағы 80-нен астамы су бұзып кеткен үйлерден құтқарылғанын айтады. Аймақта толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласып, су деңгейі 25 сантиметрге дейін көтерілген. 

Терри Уомак, зардап шегуші:

- Не жыларымды, не күлерімді білмей тұрмын. Біз қатты жапа шектік. Айналаға қарасам көңілім құлазиды. Үйімнің жанындағы су басқан аумақтан шыға алмай, бір сағат бойы отырдым. Көзіме ешкім көрінбеді. Құдай басқа бермесін.